Бас жаңалықтар
Елорданың 2025 жылға дейінгі абаттандыру жобасы әзірленуде
13 Қараша 2019, 15:08 535

Елорданың 2025 жылға дейінгі абаттандыру жобасы әзірленуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың 2020-2025 жылдарға арналған абаттандыру мәселесі сарапшы мамандармен талқыланды. Бұл туралы Елорда Инфо сайты хабарлады.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатов және сарапшылар қауымдастығымен Нұр-Сұлтан қаласының 2020-2025 жылдарға арналған абаттандыру бағдарламасы қаралды. Сарапшылар өз кезегінде қаладағы жаяу жүргіншілер мен автокөлік жолдарын қалай жобалау керектігін, абаттандырылған көшелер бойындағы коммерциялық нысандарына қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу, қасбеттерді қайта жаңарту, көгалдандыру мәселелері, шағын архитектуралық пішіндер, жол картасын қалыптастыру мәселелерін ортаға салды, - деп хабарлайды Қалалық сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы.

Басқарманың мәліметіне сүйенсек, бүгінде эскиздік жобалау жұмысы басталды. Байқау өткен соң жұмыс тобы құрылатын болады.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...