Елордалық ТЖД-да «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесі ашылды

9 Мамыр 2021, 19:03
998
Бөлісу:
Елордалық ТЖД-да «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесі ашылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің ашылуы өтті.

Іс-шара Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының кеңесшісі Ж. Жылқышиева, Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД бастығы Қ. Б. Базарбаев және департаменттің жеке құрамының қатысуымен өтті.

Елордалық ТЖД-да «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесі ашылды

Елбасының тапсырмасы бойынша бүкіл ел аумағында «Adaldyq alańy» бірыңғай брендімен мемлекеттік органдарда қоғам үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңселер құрылып жатыр.

Елордалық ТЖД-да «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесі ашылды

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өз кезегінде елордалық ТЖ департаменті бұл шарадан шетте қалмады және парасаттылық қағидаттарын тарату, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және азаматтардың азаматтық қорғау органдарына сенімін арттыру мақсатында өзінің «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесін ашты. 

Елордалық ТЖД-да «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесі ашылды

Олардың алдында азаматтардың азаматтық қорғау органдарының жұмысы туралы хабардар болуын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, қызметкерлер мен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін тәрбиелеу жөніндегі міндеттер тұр.

Елордалық ТЖД-да «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесі ашылды

Жобалық кеңсенің негізгі міндеті - жұмысты қоғамның мемлекетке деген сенімі негізінде құру. «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесі - азаматтарды қабылдауға және оларға азаматтық қорғау саласында ақпарат беруге арналған алаң, - деп атап өтті Юрий Ильин.
Өзгелердің жаңалығы