Елордалық суретшілер Кіші Талдыкөлді қорғауға арналған шара өткізді

15 Қыркүйек 2021, 16:05
3630
Бөлісу:
Елордалық суретшілер Кіші Талдыкөлді қорғауға арналған шара өткізді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық суретшілер Кіші Талдыкөл көлін қорғауға бағытталған Şalqyma арт-перформансын өткізді. Қазақ халқы үшін киелі құс саналатын аққудың бейнесіне енген қылқалам шеберлері махаббат пен сұлулықтың символы мекен еткен көлге қоғамның назарын аударғылары келген.

Елордалық суретшілер Кіші Талдыкөлді қорғауға арналған шара өткізді

Осылайша, олар Кіші Талдыкөлге құм төсеуді дереу доғарып, көлдің биоалуандығын мен экожүйесін бірігіп қорғауды алға тартты.

Елордалық суретшілер Кіші Талдыкөлді қорғауға арналған шара өткізді

Ақ матадан шаңырақтың бейнесіндегі ұя жасаған олар табиғи көлдер – халықтың байлығы мен игілігі болып табылады. Барша қауымға ортақ үйіміз бен болашағымызды қорғау үшін бірігу маңызды, - деп жазған ғаламтор желісіндегі көлді құтқаруға арналған парақшада.

Елордалық суретшілер Кіші Талдыкөлді қорғауға арналған шара өткізді

Суретшілер минут сайын көлдің көздің алдымызда топырақпен көміліп жатқанын айтып, дабыл қақты. 

Елордалық суретшілер Кіші Талдыкөлді қорғауға арналған шара өткізді

Олардың айтуынша, әсіресе, су тапшылығы, жаһандық жылыну, пандемия секілді жағдайлар орын алып отырған заманда қоршаған ортаға қамқор болуымыз қажет. 

Елордалық суретшілер Кіші Талдыкөлді қорғауға арналған шара өткізді

Әсіресе, қала тұрғындарына таза ауа, серуендеуге арналған орын, табиғатпен және құстармен тілдесу, балаларымыздың экологиялық саналылығын қалыптастыру үшін аққу қонар айдын көл керек дейді арт-перформанс қатысушылары. 

Елордалық суретшілер Кіші Талдыкөлді қорғауға арналған шара өткізді

Қалалықтар, арт-қауымдастықтарды, белсенділерді көлдердің тартылуы мен табиғи экожүйенің жойылып кетуіне қарсы бірігіп әрекет етуге шақырды.

Өзгелердің жаңалығы