Елордалық мейрамханада 100-ге жуық адамға арнап ауызашар өткізілген

10 Мамыр 2021, 18:11
1727
Бөлісу:
Елордалық мейрамханада 100-ге жуық адамға арнап ауызашар өткізілген
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордадағы мониторингтік топтар карантин режимін сақтау тұрғысынан кәсіпкерлік объектілерінде тексеру жүргізіп келеді. 

Ескерту беріліп, жауапкершілікке тартылғанына қарамастан қаланың кейбір мекемесі карантиндік шектеулерді жүйелі бұзуда, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайты.

Мерекелік демалыс күндерінің бірінде карантиндік тыйымдарға қарамастан Сарыарқа ауданында орналасқан «Гауһартас» мейрамханасында 100-ге жуық адамға арнап ауызашар өткізілді.

Сол сияқты 9 мамыр күні тағы бес мекеме карантин талаптарын бұзғаны анықталды.

Сонымен «Ashyq» жобасына қатысатын «Line Brew» мейрамханасы тыйым салынғанына қарамастан түн ортасынан кейін де жұмыс істеді.

Елордалық мейрамханада 100-ге жуық адамға арнап ауызашар өткізілген

Сондай-ақ елорданың санитарлық дәрігерінің қаулысын бұзғаны үшін «Палау орталығы» асханасы, «Базилик» және «Паначи» мейрамханалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл мекемелер демалыс күні де тоқтаусыз жұмыс істеді. Демалыс күні жұмыс істеу санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша рұқсат етілмеген. Карантин режимі сол сияқты «Yamato» ойын клубында да бұзылды, - делінген хабарламада.

Алматы ауданында «Тапчан» және «Белес» кафелері жұмыс режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Елордалық мейрамханада 100-ге жуық адамға арнап ауызашар өткізілген

Демалыс күндері анықталған бұзушылықтар бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдау және кәсіпкерлерді жауапкершілікке тарту үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларына жіберілді.

Елордалық мейрамханада 100-ге жуық адамға арнап ауызашар өткізілген

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша екі айдан бері «қызыл» аймақта тұр. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай әлі де тұрақсыз болып отыр.

Елордалық мейрамханада 100-ге жуық адамға арнап ауызашар өткізілген

Жағдайдың нашарлауына жол бермес үшін қала тұрғындары мен қонақтары, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері санитарлық нормаларды қатаң сақтауы, дәрігерлер мен эпидемиологтардың ұсыныстарын орындауы тиіс.

Елордалық мейрамханада 100-ге жуық адамға арнап ауызашар өткізілген

Қазіргі уақытта қауіпті вируспен күресудің жалғыз тиімді әдісі ұжымдық иммунитетті дамыту болып саналады, бұл халықты жаппай вакцинациялау жағдайында ғана мүмкін.

Қалада бұл үшін тиісті жағдайдың бәрі жасалған: БМСК мекемелерінде және елорданың ірі СОО-ларында 100-ден астам егу пункті ашылды, олар сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Вакцинация тегін жүргізіледі.


Өзгелердің жаңалығы