Елордалық құтқарушылар су айдындарда рейд жүргізді

21 Мамыр 2019, 22:30
1361
Бөлісу:
Елордалық құтқарушылар су айдындарда рейд жүргізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қаланың су айдындарында арнайы рейдтер жүргізді. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.

5 топтан құрылған құтқарушылар Нұра-Есіл арнасы, Есіл өзені және «Күйген жар», «Три пескаря» және «Қоянды» демалыс орындарын тексерді. Сонымен бірге, балаларды төтенше жағдай қауіпсіздігімен хабардар ету мақсатында  қаланың барлық 84 мектебінде сабақтар ұйымдастырылып, онда судағы ережелерді сақтау, өрт қауіпсіздігі және жоғары қабаттан құлау туралы ақпараттар баяндалды.

«29 мамырда судан-құтқару стансысында еріктілер және жас құтқарушылар үйірмесінің шақыруымен, судағы басты ережелерді түсіндіру бойынша брифинг өткізіледі», – делінген хабарламада. 
Өзгелердің жаңалығы