Бас жаңалықтар
Елордалық көпбалалы отбасылар жалдамалы пәтерге қол жеткізе алады
16 Сәуiр 2021, 16:28 197

Елордалық көпбалалы отбасылар жалдамалы пәтерге қол жеткізе алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тұрғын үй орталығы көпбалалы отбасылар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжаттардың қабылданатындығы туралы хабарлайды.

Бұл бағдарламаға «Көпбалалы отбасылар» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрған көп балалы отбасылар (тек атаулы санат) қатыса алады.

Пәтерлердің жалпы саны 94, оның ішінде:

- 89 үш бөлмелі пәтер (74,6 - 76,1 ш.м.)
- 5 төрт бөлмелі пәтер (97 кв.)

Тұрғын үй сатып алу құқығынсыз жалға беріледі. Ол Қордай көшесі, 79 және Қордай көшесі, 79а мекен жайларында орналасқан. Бағдарламаға құжат қабылдау 2021 жылғы 21 сәуір сағат 00:00-ден 2021 жылғы 28 сәуір сағат 23:59-ге дейін жүргізіледі.

Сонымен қатар құжаттарды қабылдау тек электронды түрде көрсетілген кезеңде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

Конкурсқа тек Нұр-Сұлтан қаласында «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша тұрғын үйге кезекте тұрғандар ғана қатыса алады. Іріктеу қою күні мен отбасы құрамы бойынша «Көпбалалы отбасы» санаты бойынша кезекте тұрғандардың қатысуға құжаттарын тапсырғандар арасында өтеді.

Қатысуға өтініштерді барлық жылдағы (2006-2021) кезекте тұрғандар бере алады, алайда қатысуға өтініш берген кезекте тұрғандар арасынан алдымен кезекке ерте тұрғандар өтеді. Біз қандай жылдар өтетінін алдын ала білмейміз, өйткені нәтижелер кезекте тұрғандардың қай жылдары өтініш беретініне байланысты, ал мұны болжау мүмкін емес, - делінген ведомство хабарламасында.

Өтініш беру үшін келесі құжаттар қажет:

1) ЭЦҚ кілті;
2) Отбасының барлық мүшелеріне ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің болмауы немесе болуы туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;
3) Балалардың туу туралы куәліктерінің/отбасы мүшелерінің жеке куәлігі (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
4) Неке қию /некені бұзу /әке болуды анықтау туралы куәліктің /№4 нысан /қайтыс болу туралы куәлік (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
5) Жылжымайтын мүліктің құқық белгілейтін құжаттарының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
6) Мүгедектік туралы анықтаманың (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;
7) Созылмалы аурудың толық атауы, жеке бөлмеге мұқтаждығы және белгілі бір қабаты көрсетілген созылмалы аурудың медициналық қорытындысының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...