Елордалық жастар қарттар үйінде концерт ұйымдастырды

6 Наурыз 2020, 04:23
1715
Бөлісу:
Елордалық жастар қарттар үйінде концерт ұйымдастырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда жастары "Ардагерлерге мың алғыс" акциясы аясында Қарттар үйінде Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырды. Олар аяулы аналар мен ақ жаулықты  әжелерімізді құттықтады.  

Волонтерлер іс-шараға жауапкершілікпен қарап, тыңдаушыларға жүрек жылуын жеткізуге тырысты.

Волонтер жастардың қойылымдары үлкен кісілердің көңілінен шығып, көрермендер қуана ән айтып, қол шапалақтап отырды.  Осынау шара арқылы жастар ақ жаулықты апаларымызға құрмет көрсетіп, қолдау көрсетті.  

95 жастағы Раиса Сафоничева волонтерлерге өзінің жастық шағында оқиғалармен бөлісіп, соғыс жылдарын еске алды.  Ол 16 жасында волонтер ретінде соғыс болған жылдары 2 жыл бойы шамамен 8.5 литр қан тапсырған. Ал 18 жасқа толғаннан кейін майданға өз еркімен аттанғанын айтты.
Сендерге үлкен рахмет! Еңбектеріңіз, көңілдеріңіз үшін алғысымды білдіремін! Барлық әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Денсаулық, бақыт тілеймін! Осылай келіп, амандық-саулық сұрағанның өзі неге тұрады, – деп лебізін білдірді Раиса Егоровна.
Қарттардың қуанышты жүздері мен ыстық лебіздері волонтерлер үшін ең жоғары марапат болып, жастарды жақсы істерге жігерлендірді.

Өзгелердің жаңалығы