Елордалық алаяқ әйел 30 адамды алдап кеткен

16 Қараша 2019, 14:26
3644
Бөлісу:
Елордалық алаяқ әйел 30 адамды алдап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен елорда тұрғыны мен оның серіктестеріне қатысты қылмыстық іс тергелуде. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Мәлімдемеге сүйенсек, 30-дан астам зардап шеккен салымшылар полицияның көмегіне жүгінгені айтылған. Олар WhatsApp-та арнайы жоба құрып, оның қызметі бірнеше нақты чаттарда жүзеге асырылып келген: "Нақты кіріс 1", "Нақты табыс 2", "Триумф" және басқа да чат арқылы байлынысқа шыққан. Заңсыз жолмен ақша таппақ болған әйел азаматтарды алдау арқылы олардың ақшасын  алып алған. 
Күдікті азаматтардың сенгіштігі мен аңқаулығын және қаржылық сауаттылығының төмендігін пайдаланып, зардап шеккендерді қаржыны жоғалту қаупі жоқ деп сендірген. Оның жобасына ақша салғаннан кейін, адамдар 5-15 күн ішінде 100% кіріспен өздерінің қаржылық ресурстарын қайтарып аласыздар деген. Азаматтардан салымдар 20 мың теңгеден 2 млн теңгеге дейін қабылданған, - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қалалық полицияның баспасөз қызметі. 

Осылайша, күдікті әйел 32 адамды алдап, олардан 60 млн теңгеден астам ақшаны қағып алған. Алайда, полиция өкілдері зардап шеккен елордалық тұрғындардың саны бұдан көп болуы ықтимал екенін айтты.
Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз осындай қаржы пирамидасының құрығына түсіп қалса, Бейбітшілік 19 мекен-жайында орналасқан полиция бөліміне келулеріңізді сұраймыз, - деп хабарлайды қалалық полиция.
Сондай-ақ, Нұр Сұлтан қалалық полициясы азаматтарды қырағы болуға және ақшаларын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауына кеңес береді.
Өзгелердің жаңалығы