Елордалық волонтерлер Паралимпиадалық орталықта спорттық жарыстар өткізді

22 Қыркүйек 2020, 11:35
1527
Бөлісу:
Елордалық волонтерлер Паралимпиадалық орталықта спорттық жарыстар өткізді

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қатысушылар теннис, волейбол, шахмат, дойбы бойынша өз шеберліктерін көрсетті, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Елордалық волонтерлер Паралимпиадалық жаттығу орталығында спорттық жарыстар өткізді. Іс-шара «Birgemiz: Nur-Sultan» ұлттық жобасының Qamqor бағыты аясында өтті. 

Барлығы 50 адамға арналған төрт спорттық іс-шара өткізілді. Қатысушылар теннис, волейбол, шахмат, дойбыдан шеберліктерін көрсетті. Нәтиже бойынша спортшылар Birgemiz дипломдарымен және имидждік өнімдер жиынтығымен марапатталды. Жеңімпаздарға медальдар мен кубоктар табысталды.

 

Өзгелердің жаңалығы