Елордалық волонтерлер қар тазалауға көмектесті

22 Қаңтар 2020, 21:20
2648
Бөлісу:
Елордалық волонтерлер қар тазалауға көмектесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық волонтерлер тобы Байқоңыр ауданының қарттары мен мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қар тазалау жұмыстарына көмектесті, деп хабарлады Елорда Инфо.

Бүгін Байқоңыр ауданында "Жас Отан" жастар қанатының студенттер тобынан құралған волонтерлер аудан аумағындағы жеке үйлерде тұратын қарт кісілердің, мүмкіндігі шектеулі жандардың, жалғызбасты аналардың үйлерінің ауласын қардан тазарту бойынша қайырымдылық науқанын іске асырды. Аталған іс-шара Волонтер жылы аясында жүзеге асырылды. Науқанға қатысқан 30 адам өзінің мейірімділігін, құрметін және белсенділігін тек адамдарға ғана емес жалпы Отанымызға көрсетті деп білеміз, - деп жазылған Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының Facebook парақшасында.

Аталған іс-шара Байқоңыр ауданында тұрақты өткізіліп тұрады.


Өзгелердің жаңалығы