Елордалық спортшылар арбада отырып би билеуден Әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

24 Сәуір 2019, 13:11
1785
Бөлісу:
Елордалық спортшылар арбада отырып би билеуден Әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нидерландының шығысындағы Кёйк қаласында арбада отырып би билеуден халықаралық лицензиялық турнир аяқталды. Бұл туралы елордалық әкімдіктің ресми сайтында хабарланды. 

Жарыс 19-21 сәуір аралығында өткізілді. Оған әлемнің 15 мемлекетінен 85 биші қатысты. Дүбірлі додада ел намысын Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларының және Қарағанды облысының спортшылары қорғады. 

Елордалық мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мектеп өкілдері турнирде 7 медальды еншіледі. Олардың үшеуі – күміс, төртеуі – қола жүлде. 

Жарыс қорытындысы бойынша отандық спортшылар биыл күзде Германияның Бонн қаласында өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. 

Бишілерді Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әлия Түсүпбекова дайындады.

Өзгелердің жаңалығы