Елордалық полиция қызметі күшейтілген режимге көшеді

4 Шілде 2020, 07:34
895
Бөлісу:
Елордалық полиция қызметі күшейтілген режимге көшеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық полиция қызметкерлері 5 шілдеден бастап, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру шаралардың енгізілуіне байланысты күшетілген режимде жұмыс жасайтын болады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі. 

Полицейлер тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, карантин режимін қадағалайды. Тәртіп бұзушыларға қатысты қолданып жүрген заңнамаға сәйкес, шаралар қабылданатын болады.  

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері дауыс зорайтқыш арқылы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық жағдайдың асқынуы мен коронавирус инфекциясының лезде таралуына байланысты, Мемлекеттік комиссия 2020 жылдың  5 шілдесінен бастап 14 күнге шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.  Эпидемиологиялық жағдайға байланысты көрсетілген шектеу шаралары ұзаруы немесе күшеюі мүмкін.
Дауыс зорайтқыш арқылы байланыс азаматтарға қолданылып жатқан ережелер мен шектеулерді сақтау қаншалықты маңызды екенін түсінуге мүмкіндік береді. Қала тұрғындары карантин ережелерін қатаң сақтауы және барлық қауіпсіздік шараларын ұстануы тиіс.  Инфекцияның таралуына жол бермеу керек. Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығы туралы ойланыңыз, - деп атап өтті полиция департаменті өкілдері.

Патрульдеу бағыттары барлық учаскелерді қамти алатындай етіп құрылған. Полиция қызметкерлері барлық тұрғын үйлер ауласы мен адамдар көп жиналатын жерлерді аралайтын болады. 

Өзгелердің жаңалығы