Елордалық полицейлер марапатталды

13 Желтоқсан 2019, 16:46
8222
Бөлісу:
Елордалық полицейлер марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ: Елорданың Полиция департаментінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне арналған салнататты іс-шара өтті.

Оған Нұр-Сұлтан қаласынының әкімі Алтай Көлгінов, ішкі істер органдарының ардагерлері, басшылығы және жеке құрамы қатысты.

Елорда әкімі жеке құрамды мерекемен құттықтап, қызметтік міндеттерін адал орындаған қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады.

9Q6A6129.JPG

Полиция департаментінің бастығы Ержан Саденов жеке құрамды ҚР ІІМ-нің бұйрығымен таныстырды. Мерекенің құрметіне қызметтік міндеттерін адал атқарғандары және қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізгендері үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен басшы құрамға арнайы атақтар мерзімінен бұрын берілді. "Құқық қорғау тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен Ақпараттандыру және байланыс басқармасынының бастығы полиция майоры Айбек Байсабыр, Тергеу басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі полиция подполковнигі Рахима Есентаева марапатталды. ІІ дәрежелі "Ішкі істер органдарының үздігі" кеуде белгісімен Патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторы полиция капитаны Аслан Аманжолов, сондай-ақ ерекше көзге түскен қызметкерлер ҚР ІІМ-нің құрмет грамотасымен және алғысхаттарымен марапатталды.

9Q6A6316.JPG

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті бастығының бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғандары үшін ішкі істер органдарының ардагерлері бағалы сыйлық қолсағатпен, грамоталармен және алғысхаттармен марапатталды.

Дәл осы күні "Тәуелсіздікке тарту" тақырыбынды қызметкерлер мен қызметтік борышын атқару барысында қаза тапқан қызметкерлердің балалары арасында өткен сурет салу конкурсының жеңімпаздары Гүлдана Нұрлан, Алина Тастемірова және Сымбат Рүстемовованы марапаттау рәсімі өтті.

Өзгелердің жаңалығы