Елордалық гандболшылар Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

28 Қыркүйек 2020, 09:48
1468
Бөлісу:
Елордалық гандболшылар Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Астана» гандбол клубы екінші жыл қатарынан көшбасшы атанды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

«Астана» гандбол клубының әйелдер командасы елдегі көшбасшылығын сақтап қалды. Гандболдан Қазақстан чемпионатында елордалық спортшылар екінші жеңісіне қол жеткізді.

Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарлағандай, биыл пандемияға байланысты ел чемпионаты бұрын жиналған ұпайлар бойынша аяқталды. 28-ші чемпионаттың он ойынындағы алты команданың нәтижелері есепке алынды.

«Астана» гандбол клубы 20 ұпаймен чемпион атанып, 15 ұпай жинаған Қызылорданың «Қайсар-Қам-ҚМУ» және 13 ұпай жинаған Шымкенттің «Қазығұрт» командаларынан озып шықты.

Жарысқа барлығы алты гандбол клубы қатысты: «Астана» (Нұр-Сұлтан), «Қайсар-Кам-КГУ» (Қызылорда), «Қазығұрт» (Шымкент), «Достық» (Алматы), «Алтай» (Шығыс Қазақстан облысы), «Тұран» (Түркістан облысы).

Өзгелердің жаңалығы