Елордалық дәрігерлер көпбалалы аналар үшін ашық есік күнін өткізеді

27 Наурыз 2019, 22:13
1525
Бөлісу:
 Елордалық дәрігерлер көпбалалы аналар үшін ашық есік күнін өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Көпбалалы аналар кезектен тыс» акциясын алдағы сенбіде «Салауатты Астана» отбасылық-дәрігерлік амбулаториясының мамандары өткізеді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

Отбасылық-дәрігерлік амбулатория Жағалау шағын ауданы, Ш. Айтматов көшесі, 36 мекенжайы бойынша орналасқан.

Көпбалалы аналар мұнда жалпы тәжірибелік дәрігер, гинеколог, психолог, невропатолог, кардиолог және нефролог сияқты мамандардың кеңесін ала алады. Диагностика мен ем тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жүзеге асырылмақ.

 

 

Өзгелердің жаңалығы