Бас жаңалықтар
Елордаға жылу беріле бастады
20 Қыркүйек 2021, 20:56 412

Елордаға жылу беріле бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада өтінім бойынша әлеуметтік нысандар – медициналық мекемелер, білім беру нысандары, балабақшалар және т.б. жылытуға қосыла бастады.

Әлеуметтік нысандар жылу маусымына 100% дайын. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің басшылығымен әкімдікте жылыту маусымы бойынша кеңес өтті.

Қалада жылу беру маусымы орташа тәуліктік температура +10 градус (және одан төмен) 5 күн бойы сақталған кезде толығымен басталады. Дегенмен, тұтынушылардың өтінімі бойынша жылу беруге қаланың әлеуметтік нысандары қосыла бастады. Бұдан басқа, жаңа нысандарды жылытуға қосу көздері анықталды, қуаттарды тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ, елді мекендерді газдандыру, жылу электр орталықтарын жаңғырту, ЖЭО су жылыту қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Жеке сектор тұрғындары үшін қаланың барлық ауданында көмір сататын компаниялар анықталды. Дүрлігуге және алыпсатарлыққа жол бермеу үшін қоймаларда жеткілікті көлемде отын бар.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...