Елордаға 3 әскери әуе ұшағының келуін естіген қылмыскерлер Президент резиденциясын жаулап алудан бас тартты – Тоқаев
10 Қаңтар, 13:47 373

Елордаға 3 әскери әуе ұшағының келуін естіген қылмыскерлер Президент резиденциясын жаулап алудан бас тартты – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында айтты. 

Қазақстанға қарсы агрессияға  лакестердің тікелей қатысуы мен шетелдік шабуылшылардың қатысуын сеніммен айта аламын. Қылмыскерлер өздерінің қайтыс болған жақтастарын мәйітханаларға шабуыл жасап, алып кетіп жатты. Олар өз жақтастарын алаңнан да алып кетіп жатты. Бұл тәжірибе белгілі халықаралық лаңкестердің тәжірибесі. Олар осылайша өз іздерін жоюға тырысады, - деді Тоқаев. 

Ол атағандай, ел аймағында хаос орнатып, кейін билікті жаулап алатын арам ой болғаны анық.

Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сәйкес, арнайы  қызмет пен құқық қорғау органдарымен оқиға лаңкестік пен агрессия ретінде бағаланды. Қазақстандағы жағдай ушықты. Алматы мен 9 облыс орталығы қылмыскерлердің құрсауында қалды. Біз лаңкестікке қарсы күрес операциясын бастадық. Қазақстан ҰҚШҰ-ға көмек көрсету бойынша өтініш жасады. Бұл уақытылы жасалған шешім болды. Елордаға үш әскери әуе ұшағының келуін естіген қылмыскерер Президент резиденциясын жаулап алудан бас тартты. Бұл бізге қосымша күшті Алматыға бағыттап, қылмыскерлерден босатуға мүмкіндік бері, - деді ол.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...