Елордадан Балқашқа дейін: Жолдың жағдайы мен маңайы

22 Шілде 2021, 09:36
5255
Бөлісу:
Елордадан Балқашқа дейін: Жолдың жағдайы мен маңайы
PHOTO
Фото: автордан

Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі.  Мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатқан ең ауқымды жобалардың бірі - «Орталық-Оңтүстік» бағыты. Елордадан Балқашқа дейінгі жол да осы бағытқа кіреді. Қазіргі таңда аталған арақашықтық бойынша қанша шақырым жол салынып, қандай бағыт жөнделіп жатқанын келесі материалдан оқи аласыздар.

Елордадан Қарағандыға шыққан бетте «Нұр-Сұлтан-Теміртау» бекеті күтіп алады. Себебі бұл бағыттағы жол l санатқа жатады. Яғни, ол - ақылы.  «Қазавтожол» АҚ Ақылы автомобиль жолдарының бөлім бастығы Арман Ещановтың айтуынша, бұл бағыт бойынша тәулігіне 8-9 мың көлік өтті.

Осыған дейін Балқаш бағытына бара жатқан барлық жүк көлігі мен жолаушылар Қарағанды арқылы өтуге мәжбүр еді. Қазір қалаға кірмеуге мүмкіндік беретін айналма жол ашылған.

Елордадан Балқашқа дейін: Жолдың жағдайы мен маңайы 

Қарағанды қаласы «Солтүстік-Шығыс айналма жолы» жобасының үйлестірушісі Али Четкиннің айтуынша, 48,3 шақырым жолды салу үшін 3 жыл уақыт кеткен.

Елордадан Балқашқа дейін: Жолдың жағдайы мен маңайы

«Солтүстік-Шығыс» айналма жолының салынуына мемлекеттік бюджеттен 35 млрд теңге ақша жұмсалды. Мемлекетке үнемделген 8 млн теңге қаражат қайтарылды. Бұл жолдың салынуы жүк көліктерінің транзит жүктемесін азайтты. Жол қазақстандық стандарт бойынша салынды. Құрылыс жұмыстарына мамандардың 5-6%-ы ғана шетелден тартылды. Егер жолдың қамтылуы жақсы болса, ол 50 жылға дейін қызмет етеді, - деді Четкин. 

 Елордадан Балқашқа дейін: Жолдың жағдайы мен маңайы

Сондай-ақ «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «РФ шекарасы -Алматы» құрылысы жүзеге асырылып жатыр. 

Елордадан Балқашқа дейін: Жолдың жағдайы мен маңайы

Қазір жалпы ұзындығы 363 шақырым болатын «Қарағанды-Балқаш» бағыты бойынша құрылыс жүргізіліп жатыр. Оны іске асыру мерзімі - 2019-2023 жылдар.

Елордадан Балқашқа дейін: Жолдың жағдайы мен маңайы

Жолдың ортасында екі жақ жолақты бөлетін кедергілер орнатылады. 

Қарағанды облыстық филиалы директорының орынбасары Сырым Хамзиннің айтуы бойынша, «Оңтүстік-Орталық» бағыты аясында 8 учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Қазір барлық учаскеде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2019 жылдың маусым айында басталды. Жоспар бойынша жөндеу жұмыстары 2023 жылы аяқталады. Ал биыл жаңа қабат бойынша қозғалысты бастау көзделіп отыр, - деді Хамзин.

Елордадан Балқашқа дейін: Жолдың жағдайы мен маңайы

Ол атағандай, 1-5 учаске бойынша 4 қабаттық құрылымдық-жол төселеді.

Елордадан Балқашқа дейін: Жолдың жағдайы мен маңайы

Оның астыңғы қабатына щебенка тас, одан кейін құм мен тас араласқан 21 см қоспа төселеді. Оның үстінен осы қоспаға цемент қосылады. Одан кейін барып екі қабаттық асфальт төселеді. «Қарағанды-Балқаш» бағытында 2 мыңға жуық жұмысшы еңбек етіп, 700 техника жұмылдырылған, - деді ол.

Елордадан Балқашқа дейін: Жолдың жағдайы мен маңайы

Хамзин атағандай, барлық жөндеу материалдары Қазақстанда жасалған.

Елордадан Балқашқа дейін: Жолдың жағдайы мен маңайы

«Қарағанды-Балқаш» бағытындағы 20 демалыс орнында 15 жылы дәретхана салу жоспарланған. Қазір ол жобалық-сметалық құжатқа енгізіліп жатыр. Келер жылдан бастап оның құрылысын бастаймыз деп ойлаймыз. Сондай-ақ шағын және орта бизнесті демалыс орындарында өз кешендерін салуға инфрақұрылым жүргіземіз. Әр 50 шақырым сайын жылы дәретхана салынады, - деді Хамзин.

 Елордадан Балқашқа дейін: Жолдың жағдайы мен маңайы

Ол атағандай, жолдың айналасына үй жануарларының өтуін бөгейтін кедергілер орнатылады.

Елордадан Балқашқа дейін: Жолдың жағдайы мен маңайы

Ауыл шаруашылығы техникасының қозғалуына арналған арнайы өтпелер де салынады, - деді ол.

Жолдың сапасын тексеретін мамандар да құрылыс нысандарында күнде жұмыс істейді. 

Елордадан Балқашқа дейін: Жолдың жағдайы мен маңайы

Жолдың астыңғы қабатын салу кезінде олқылықтар болса, сол кезде жойылады. Егер ол уақытты қажет етсе, белгілі мерзім бекітіледі. Кейін өтініш қайта беріліп, жұмыс қалыпқа келтіріледі. Біз тапсырыс берушінің тапсырысы бойынша жұмыс істейміз. Бұл жердегі жұмыс 2019 жылдан бастап жолға қойылған. Күрделі бұзушылықтар болды деп айта алмаймыз, - деді Жол-Жоба.kz ЖШС атқарылған қызмет және материал жөніндегі инденер Нұрсұлтан Елемесов.

Елордадан Балқашқа дейін: Жолдың жағдайы мен маңайы 

Ал асфальттің төселу процесін инженер-лаборант Жәнібек Медетов айтып берді.

 Елордадан Балқашқа дейін: Жолдың жағдайы мен маңайы

Асфальттің астыңғы қабаты төселіп жатыр. Біз соның сапасын тексереміз. Асфальт зауыттан 145 градуспен шығады. Осы жерге келгенде лаборант оның градусына қарай үстінен басу көлігін бағыттайды. Әрбір материал зертханаға жіберіледі. Жол төселмес бұрын материалдар толық зерттеледі, - деді Медетов.

Бағыт бойынша сегіз құрылыс базасы ашылған. 

Елордадан Балқашқа дейін: Жолдың жағдайы мен маңайы

Оның бірі Ақсу-Аюлы ауылының маңында орналасқан. 

Елордадан Балқашқа дейін: Жолдың жағдайы мен маңайы

Ермек Байжанов - жол саласында 35 жыл еңбек еткен еңбек ардагері. Қарияның жасы 91-де.

Елордадан Балқашқа дейін: Жолдың жағдайы мен маңайы

Шет ауданында алғаш жол учаскесі ашылғанда жұмыс істедім. Қарапайым жұмыскерден бастыққа дейін көтерілдім. 1993 жылы зейнетке шықтым. Мен еңбек еткен кезде ешбір техника болмайтын. Қазір техниканың заманы, барлық мүмкіндік бар. Бұл жолдардың барлығы бізді өзге елдермен байланыстырып жатыр, - деді Байжанов.

Жалпы бағыт бойынша бүгінгі күні 267,7 км төсемнің төменгі қабаты, 332,7 км негіздің жоғарғы қабаты, 374,87 км негіздің төменгі қабаты салынған. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникаларына арналған 17 жол өтпесін және өзендер арқылы өтетін 5 көпір орнату бойынша жұмыстар орындалды.  

Өзгелердің жаңалығы