Бас жаңалықтар
Елордадан 800-ден астам азамат әскерге жіберіледі
03 Наурыз 2021, 19:45 379

Елордадан 800-ден астам азамат әскерге жіберіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды. Пандемия жағдайында халықпен тікелей байланысты төмендету үшін әскерге шақырылушыларға SMS-хабарламалар жіберу жоспарлануда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Пандемия жағдайында тұрғындармен тікелей байланысты азайту, сондай-ақ көктемгі шақыру кезінде хабарландыру процесін автоматтандыру мақсатында, сынақ режимінде мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтарға SMS хабарламалар жіберу жоспарланып отыр.

Көктемгі әскерге шақыру кезінде әскерге шақырылушыларға ПТР екі рет жүргізіледі: әскерге шақыру кезінде – жиын пунктерінде, ал әскери бөлімдерде – жас толым келген кезде.

Нұр-Сұлтан қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Мұрат Берекполовтың ақпараты бойынша көктемгі шақыру науқанын өткізуді 2021 жылғы 1 шілдеге дейін аяқтау жоспарлануда. Көктемгі әскерге шақыру шеңберінде Қазақстанның Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатары 18-27 жас аралығындағы 13,5 мыңнан астам мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен толықтырылады.

Елордамыздан әскерлерге 1 600-ден астам шақырылушы жіберіледі. Оның ішінде көктемгі әскерге 800-ден астам азамат жіберіледі.



Фото: дереккөз
Загрузка...