Бас жаңалықтар
Елордадағы «Жекпе-жек» сарайына Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді
01 Желтоқсан 2020, 05:15 153

Елордадағы «Жекпе-жек» сарайына Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жекпе-жек» сарайына Олимпиада чемпионы және әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

«Жекпе-жек» сарайы 2019 жылы ашылған. «Жекпе-жек» сарайында балалармен қатар ересектер де жаттыға алады.

Сондай-ақ, бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика секілді спорт түрлерінің бәрінен халықаралық жарыстар өткізуге де болады. Ал спорт залы 5 мың адамға арналған. Сонымен қатар 25 метрлік бассейн, фитнес-орталығы, қонақүй мен шағын футбол алаңы да бар, - делінген хабарламада. 
Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров 2020 жылдың тамыз айында 69 жасында дүниеден өтті.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...