Елордадағы Тәшенов көшесіндегі учаске жартылай жабылады

19 Қыркүйек 2021, 15:25
891
Бөлісу:
Елордадағы Тәшенов көшесіндегі учаске жартылай жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Тәшенов көшесіндегі жол төсемін жөндеу жұмыстарын бастайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жол жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты биыл қыркүйектің 18-інен 19-ына қараған түні Бараев көшесінен Тәшенов көшесіне дейінгі аралығы көлік қозғалысы үшін ішінара жабылатын болады.

Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, – делінген көлік басқармасының хабарламасында.


Өзгелердің жаңалығы