Бас жаңалықтар
Елордадағы сауда орталығында коронавирусқа қарсы вакцинация басталды
PHOTO
10 Сәуiр 2021, 13:43 288

Елордадағы сауда орталығында коронавирусқа қарсы вакцинация басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вакцинаның бірінші компонентін СОО қызметкерлері алды. Бұл бутиктерді жалға алушылар, сатушылар және орталық қызметкерлері, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, халықты коронавирусқа қарсы алдын ала жазылу бойынша вакцинациялау медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында: емханаларда, отбасылық денсаулық орталықтарында, дәрігерлік амублаторияларда және т.б. жүргізіледі. Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін ұлғайтылды. Жұмыс кестесі сағат 8:00-ден 00:00-ге дейін ұзартылды. Вакцинаны алуға egov мобильдік қосымшасы арқылы немесе 109-қала Call-орталығына қоңырау шалу арқылы жазылуға болады.


Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемованың айтуынша, бүгін тестілік режимде сауда орталығы қызметкерлерін вакциналау басталды.

Бұл шамамен 100 адам. Вакцинациядан бұрын олардың барлығы дәрігерлердің міндетті медициналық тексеруінен өтеді. Ол үшін СОО орнында бригадалар кезекшілік етеді. Вакцинацияға жіберілгендер егіледі, - деді ол.

Сондай-ақ, ол қала тұрғындарын жаппай вакцинациялау қашан басталатынын айтты.

Бүгін СОО қалалық санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша келушілер үшін жабық болғандықтан, дүйсенбіде СОО-да орналасқан егу орталығы біздің тұрғындарымызды, орталыққа келушілерді вакцинациялай бастайды, - деді маман.
Қазіргі уақытта елордада вакциналардың жеткілікті мөлшері бар. Сәуір айының соңына дейін Нұр-Сұлтанға 250 мыңнан астам доза жеткізіледі. Жалпы, әр апта сайын денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына "Спутник V" жаңа партиясы келіп түседі.

Бүгінгі таңда коронавирустық инфекцияға қарсы 26 мыңнан астам адам екпе алды. Қажет болған жағдайда халықты вакцинациялау пункттері бірқатар СОО мен қонақ үй кешендерінде ашылатын болады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...