Елордадағы сауда орталығында 29 жастағы әйел көз жұмды

23 Қараша 2021, 12:22
833
Бөлісу:
Елордадағы сауда орталығында 29 жастағы әйел көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтандағы сауда және ойын-сауық орталығында 29 жастағы әйел қайтыс болды.

Оқиға 22 қараша күні болған. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 103 пультіне қыздың сауда орталығында ес-түссіз жатқаны туралы жедел қоңырау түскен.

Жедел жәрдем бригадасы келген кезде әйел қайтыс болып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, 1992 жылы туған қыз кенет есінен танып, ұстамасы ұстап қалған.

Куәгерлер сауда орталығындағы медициналық орталықтың қызметкерлерін шақырған. Бірақ келіншекті аман алып қалу мүмкін болмаған, - деді басқармадағылар.

Өзгелердің жаңалығы