Бас жаңалықтар
Елордадағы көлік апатында бір әйел көз жұмды
16 Қаңтар 2021, 13:07 248

Елордадағы көлік апатында бір әйел көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада орын алған көлік қақтығысынан бір әйел көз жұмды, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

15 қаңтарда кешкі сағат 21.00 – де Республика даңғылымен келе жатқан «ВАЗ 2106» көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, «Нексия» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан ВАЗ көлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, «Тойота», одан кейін «Лада 21 726» көліктерін қақты, - хабарламада.

Жол-көлік апаты салдарынан «ВАЗ 2106» көлігінің 28 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті жүргізушілерге көлік жүргізу кезінде сақ болуды, жол ережелері мен жылдамдықты қатаң сақтауды ескертеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...