Бас жаңалықтар
Елорда тұрғындары қаладағы киелі жерлерді аралады
Фото
23 Қазан 2019, 16:47 455

Елорда тұрғындары қаладағы киелі жерлерді аралады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада Қазақстанның киелі жерлерінің картасына енген 17 орын бар. Оның 7-і жалпы ұлттық киелі жер болса, 10-ы жергілікті жерлер картасынан орын алған.

WhatsApp Image 2019-10-23 at 16.47.12.jpeg

Осы астанадағы киелі жерлерді танып, көріп, білгісі келетін жандар қыркүйек айынан бері Рухани жаңғыру жобалық кеңсесіне өтініш жасаған. Талаптары – өздері тұрып жатқан қаладағы қазақ тарихында орны бар мекендерді көру.

WhatsApp Image 2019-10-23 at 16.47.13.jpeg

"Қыркүйек айында басталған жоба желтоқсанның ортасында аяқталады. Ниет білдірген кез келген адам экскурсияға қатыса алады. Қала тұрғындары елордада орналасқан көпғасырлық тарихы бар мұсылман медресесі, Сәкен Сейфуллин мұражайы туралы біле бермейді. Экскурсия барысында олар осындай көне ғимараттарды аралап, білімін тереңдетеді", - дейді Рухани жаңғыру орталығының басшысы Айшат Жуасбаева.
WhatsApp Image 2019-10-23 at 16.47.15.jpeg

Елордадағы "Жасыл мешіт" қорғаны, "Бәйтерек", "АЛЖИР" мұражайы, "Отан Ана" монументі, "Мәңгілік ел" қақпасы, "Тәуелсіздік" монументі, көпестер үйі қатарлы орындар еліміздегі киелі жерлер картасына енген.

WhatsApp Image 2019-10-23 at 16.47.14.jpeg

"Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясындағы жобалардың бірі. Елордада "Сакралды география" жобасына енген әртүрлі жерлер бар. Бұл шара мұндай жерлерді қала тұрғындары мен қонақтарына насихаттау және ішкі туризмді дамыту мақсатында ұйымдастырылып отыр", - дейді Айшат Жуасбаева.
WhatsApp Image 2019-10-23 at 16.47.19.jpeg

Бір айдан астам уақыттан бері қаладағы киелі жерлермен танысушылар саны 250-ден асқан.

WhatsApp Image 2019-10-23 at 16.47.17.jpeg

"Бұл экскурсияға мамандар да, оқушылар да өз еркімен, қызығушылық танытып келіп жатыр. Экскурсия әр аптаның сәрсенбісінде өтеді. Бүгін қала тұрғындарымен қатар бірнеше мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушілері, ҚазАТУ-дың 20-ға жуық студенті келді", - дейді орталық басшысы.
WhatsApp Image 2019-10-23 at 16.47.22.jpeg

"АЛЖИР" мұражайында болған экскурсияға қатысушы қала тұрғындарының бірі елордада тұрғанына қанша жыл болса да, осы музейге бір рет келмегеніне қынжылысын білдірді.

WhatsApp Image 2019-10-23 at 16.47.26 (1).jpeg

"Қанша жылдан бері қалада тұрамын. Сырттай ғимараттарды білсек те, оның іші қандай, қала тарихында қандай орны бар дегенге мән бермеппін. "АЛЖИР" мұражайына келгенше, Сәкен Сейфуллин мұражайында болдық. Сәкеннің Ақмола тарихын былай қойғанда, қазақ тарихында аса ірі қайраткер екенін енді ғана білдім. Ол кісі "қазақты қазақ дейік, қатені түзетейік" деген бір ауыз сөзімен-ақ, ұлтқа қаншалықты еңбек сіңіргенін байқауға болады. Ал мына "АЛЖИР"-ді мен қаладан алыс екен деп жүріппін. Іргеде тұрған осындай киелі жерге, қаншама ананың көз жасына, азабы мен мұң-қайғысына куә болған мекенге бір келмегенім үшін өзімді кінәлі адамдай сезініп тұрмын", - дейді елорда тұрғыны.
WhatsApp Image 2019-10-23 at 16.47.24.jpeg

Фото: автордан
Загрузка...