Елордадағы кезекті жәрмеңкеде 197 тоннадан астам өнім сатылады

25 Қыркүйек 2021, 06:30
3652
Бөлісу:
Елордадағы кезекті жәрмеңкеде 197 тоннадан астам өнім сатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 және 26 қыркүйекте «Хан Шатыр» СОО алдындағы алаңда кезекті ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Бұл күндері Ақтөбе облысының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, деп хабарлады  Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеге Ақтөбе облысы мен Ақтөбе қаласының 12 ауданынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерімен келеді. Барлығы 197,2 тонна өнімді сату жоспарланып отыр.

Оның ішінде: еттің барлық түрі – 60 тонна, картоп пен көкөністер – 61 тонна, сүт өнімдері – 16 тонна, өсімдік майы – 1 тонна, жұмыртқа – 17,2 мың дана, балық – 5,3 тонна, бал – 0,5 тонна, шұжық өнімдері – 8 тонна, ұн және макарон өнімдері – 8,5 тонна, басқа өнімдер – 19,7 тонна.

Өзгелердің жаңалығы