Елордадағы екі көшеде жол қозғалысы жабылады

6 Наурыз 2021, 18:51
1471
Бөлісу:
Елордадағы екі көшеде жол қозғалысы жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Қосшығұлұлы мен Жабаев көшелерінің бойында инженерлік желілерді жүргізуге байланысты жол қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Құрылыс жұмыстарын жүргізуге және инженерлік желілерді жеткізуге байланысты жол қозғалысы жабылатын болады.

Ш. Қосшығұлұлы көшесі, №7/1 үйдің аулалық бөлігінде электрмен жабдықтау кабелін төсеу және қолданыстағы №130 тарату қосалқы станциясына қосу бойынша жұмыстарды жүргізу үшін 2021 жылғы 6-13 наурыз аралығында жұмыс жүргізіледі;

Ж.Жабаев және Ш.Қосшығұлұлы көшелерінің қиылысында сумен жабдықтау құбырларын тарту және қолданыстағы су құбырын тесу әдісімен 2021 жылғы 6-19 наурыз аралығында жұмыс жүргізіледі.


Өзгелердің жаңалығы