Елордадағы ауылшаруашылық жәрмеңкелері жалғасуда
11 Қараша 2021, 22:38 93

Елордадағы ауылшаруашылық жәрмеңкелері жалғасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 13-14 қарашада "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстары тауар өндірушілерінің және астаналық кәсіпкерлердің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты. 

Жәрмеңкеде сиыр еті, жылқы еті мен қой еті, құс еті, сүт және ашыған сүт өнімдері, көкөністер (картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат), жемістер, тауық жұмыртқасы, балық, жарма, жоғары сұрыпты ұн және т. б. бірінші қажеттіліктегі өнімдердің кең ассортименті ұсынылады.

Екі жәрмеңкеге барлығы 200-ден астам тауар өндірушілер мен кәсіпкерлер қатысады. Жәрмеңкеде құны нарық бағасынан 10-15% төмен жаңа өнімдер сатылады.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...