Елорданың 7 мектебіне қазақ зиялыларының есімі берілуі мүмкін

24 Қараша 2021, 11:46
806
Бөлісу:
Елорданың 7 мектебіне қазақ зиялыларының есімі берілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елорда мәслихатының депутаттары республикалық ономастикалық комиссияға ұсыныс жолдады.

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс отырысында «Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы мәселесі дауысқа салынды. Талқы барысында 7 мектепке қазақ зиялыларының есімін беру туралы шешім қабылдады.

10 қарашада өткен елордадағы ономастика комиссиясының кезекті отырысында қаламыздағы бірқатар білім беру ұйымдарына атау беру жөніндегі ұсыныстар талқыланып, қолдау тапқан болатын. Осыған орай сіздердің қарауларыңызға «Нұр-Сұлтан қаласының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы» қала әкімдігінің қаулысы және қалалық мәслихаттың шешім жобасы енгізіліп отыр. Көрсетілген жоба еліміздің қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және нормативтік-құқықтық актілерге қойылатын талаптарды бұзбайды. Ұсыныс қолдау тапқан жағдайда әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімі ҚР заңнамасында белгіленген тәртіп бойынша ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізіледі, - деп атап өтті қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркепов.

Іс-шарада мәслихат депутаттары шешім жобасын бірауыздан мақұлдап дауыс берді. Бұл ұсынысты республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаса, тиісті Үкімет қаулысы шығып, елордадағы 7 мектеп жаңа атауға ие болады.

Өзгелердің жаңалығы