Нұр-Сұлтанда жылу трассасы жарылды

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда жылу трассасы жарылып, бу клубтары жолды жауып тастады.</h4>

 20 Ақпан 2021 2021, 15:30
20 Ақпан 2021 2021, 15:30
2494

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда жылу трассасы жарылып, бу клубтары жолды жауып тастады.

20 ақпан күні сағат 10:45-те Қосшығұлұлы көшесі ауданында диаметрі 500 мм жылу трассасы жарылды. Осы учаскені тексеру кезінде ТМ-43-те тесілген жер анықталды. Көлік қозғалысында өзгерістер жоқ, - деп хабарлады «Астана-Теплотранзит» АҚ баспасөз қызметі.

Қазір тесілген жерді жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Коммуналдық апат салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Айта кетейік, жылу трассасының бұзылуы туралы әлеуметтік желіде видеолар тараған еді.

Наверх