Елордада жылу беру 4 мамырда тоқтайды

2 Мамыр 2019, 12:25
1794
Бөлісу:
Елордада жылу беру 4 мамырда тоқтайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта елордада жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

Отын-энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, егер көшедегі ауа температурасы 5 тәулік бойы 10 градустан жоғары болса, жылу беру тоқтатылады. 

«Қазіргі уақытта елордада жылыту маусымы штаттық режимде өтуде. Қаланың энергетикалық компанияларының үйлесімді жұмысының арқасында жылу беру кезінде елеулі апаттар мен 1-ші дәрежелі істен шығу оқиғалары болған жоқ. Бұл мәселе күн сайын бақылауда тұр. Жылу беру кезеңі 2019 жылдың 4 мамырында аяқталады», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы