Елордада жылдың үздік тәрбиешісі анықталды

21 Мамыр 2019, 21:48
2281
Бөлісу:
Елордада жылдың үздік тәрбиешісі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мектепке дейінгі ұйымдар арасында «Үздік педагог – 2019» республикалық байқауы қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Конкурс рухани-адамгершілік, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық мәдениетке ие, сондай-ақ қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген, кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген шығармашыл, дарынды педагогтарды анықтау үшін өткізіліп келеді. Іріктеу турының қорытындысы бойынша, үздік нәтиже көрсеткен сегіз қатысушы қазылар алқасына «Менің педагогикалық ұстанымым» атты презентация ұсынды, сондай-ақ педагогикалық жағдайды шешу жолдарын тапты.

Байқау қорытындысына сәйкес, бас жүлдені №8 «Думан» балабақшасының тәрбиешісі Әсия Жұмағұлова алды. Бірінші орынды №81 «Әсемгүл» балабақшасының тәрбиешісі Жанагүл Аймуханова, екінші орынды №11 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі Аманжол Нағашыбай иеленді. Үшінші орынға №33 балабақша тәрбиешісі Салтанат Аршкенова ие болды.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне білім басқармасының дипломдар, білім беруді жаңғырту орталығының сертификаттары, сондай-ақ ақшалай сыйақылар табысталды.


Өзгелердің жаңалығы