Елордада жыл басынан бері басқару құқығынан айырылған 24 мас жүргізуші ұсталды
8 Мамыр, 16:48 717

Елордада жыл басынан бері басқару құқығынан айырылған 24 мас жүргізуші ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Полиция қызметкерлері өткізілетін іс-шаралар аясында мас күйінде көлік құралдарын басқаратын жүргізушілерді анықтауда, деп хабарлады елордалық ПД баспасөз қызметі. 

Жылдың басынан бері мас күйінде көлік жүргізген 477 жүргізуші ұсталды. Олардың 48-і жол-көлік оқиғасын жасаған.

 Осындай іс-шаралар барысында таңғы уақытта Сарайшық көшесінде патрульдік полиция қызметкерлері "Mercedes Benz E280" маркалы автокөлікті тоқтатты.Тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Медициналық куәландыруға сәйкес, 35 жастағы жүргізуші көлікті жеңіл дәрежеде мас күйінде басқарған.

 Белгілі болғанындай, 2021 жылы аталған ер адам мас хәлде көлік жүргізгені үшін көлік жүргізу құқығынан айырылған.
Осыған ұқсас бұзушылықты "BMW" автокөлігінің жүргізушісі жасаған, тәртіп сақшылары оны түнде Өндіріс көшесінде тоқтатып тексерген. Нарколог дәрігердің қорытындысына сәйкес, 2019 жылы басқару құқығынан айырылған ер адам мас күйінде көлік жүргізген.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адам көлік құралын басқару фактісі бойынша ҚР ҚК 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Автокөліктер коммуналдық тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта құқық бұзушылар Нұр-Сұлтан қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, анықтау жұмыстары жүргізілуде.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...