Елордада жыл басынан бері 8846 мыңға жуық жұмыс орны құрылды

24 Маусым 2019, 15:48
1363
Бөлісу:
 Елордада жыл басынан бері 8846 мыңға жуық жұмыс орны құрылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесіне ерекше мән беріліп, осы мақсатта жыл басынан бері 9 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Сонымен қатар, еңбек нарығындағы жағдайды толығымен көрсету үшін «Жұмыс орындарын құру интеграциялық картасы» ақпараттық жүйесі әзірленді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. 


Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Каналимовтің төрағалық етуімен инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту, құрылыс және тұрғын үй саясаты, қалалық ортаны регенерациялау, тілдерді дамыту және архив ісі, отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық, стратегиялық және бюджеттік жоспарлау, білім, қоғамдық денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларының және жұмыспен қамту орталығы басшыларының қатысуымен жиын өткізіп, мемлекетік, салалық бағдарламалар мен жеке бастамалар шеңберінде жаңа жұмыс орындарын құру мәселесін талқылады. 
Құрылатын жұмыс орындарын жүйелендіруді және есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыруға жауапты орталық пен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс орындарын құруына, сондай-ақ жұмыс орындарын құру туралы мәліметтер ұсынуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын қабылдаған болатын. 

Сонымен қатар, Еңбек министрлігімен «Жұмыс орындарын құру интеграциялық картасы» ақпараттық жүйесі әзірленді. Бұл жүйе жұмыс орындарын құрудың нақты жағдайын бейнелейді. Сондай-ақ, жұмыспен қамту саясатын іске асыру бөлігінде мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалаудың жаңа тәсілін қамтамасыз етеді. 

Кездесу барысында Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылы жұмыс орындарын құру жөніндегі жол картасын жүзеге асыру мәселелері қаралды. Жұмыс орындарын құру, дербес жауапты тұлғаларды айқындау және «Жұмыс орындарын құру интеграциялық картасы» ақпараттық жүйесін сүйемелдеу тұрғысынан мемлекеттік, салалық пен жеке бастамашылар бағдарламалар әкімшілеріне тапсырмалар жүктелді. Жалпы, жыл басынан бері елордада 8846 тұрақты жұмыс орындары құрылды.

Өзгелердің жаңалығы