Елордада Журналистер үйі ашылады

17 Қазан 2020, 20:21
1785
Бөлісу:
Елордада Журналистер үйі ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұқаралық ақпарат құралдары мен телерадио хабарларын тарату қызметкерлерінің «BAQ KASIPODAQ» салалық кәсіподағының төрағасы Зейін Әліпбек Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновпен кездесті.

Кездесу барысында журналистердің әлеуметтік мәселелерін шешу жолдары талқыланды. Атап айтқанда, әлеуметтік жағынан аз қамтылған журналистердің баспанамен қамтылуына септесу жолдары қаралды. Әкімдік пен кәсіподақ осы бағытта бірлесіп жұмыс істейтін болып келісті – делінген BAQ KASIPODAQ-тың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Сонымен қатар, кәсіподақ төрағасы З. Әліпбек елордада Журналистер үйін ашу жайын көтерді. 

Елордада Журналистер үйі ашылады

Қазір журналистердің бас қосып, өздерінің мәселелері мен ұсыныстарын, идеяларын талқылайтын арнайы жеке орны жоқ. Мұндай орталық қалам ұстаған қауымның ынтымағын арттыра түсер еді, - деді Зейін Әліпбек. 

Бұл ұсынысты қолдаған қала әкімі қаладан орынжай қарастыратынын айтты.

Кәсіподақ басшысы тарапынан жасалған аталған ұйым мүшелерінің қаладағы спорттық нысандар қызметін тегін пайдалануына жағдай жасау туралы ұсыныс та әкім тарапынан қолдау тапты.

Кездесудің нәтижелі болғанын айтқан кәсіподақ төрағасы Зейін Әліпбек қала әкімі А.Көлгіновке қолдауы үшін алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы