Елордада жол апатынан бір адам қаза тапты

11 Мамыр 2021, 10:43
1135
Бөлісу:
Елордада жол апатынан бір адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 мамырда Нұр-Сұлтанда жол апаты болды. Қарсы бетке шығып кеткен жеңіл автокөлік жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты.

10 мамырда сағат 18.40-та «102» нөміріне жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша хабарлама түскен.

Toyota Camry автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі Әл-Фараби даңғылы бойымен 40-шы станцияға қарай келе жатып, қарсы жолаққа шығып кетіп, Shacman жүк автокөлігімен соқтығысқан, - деп хабарлады полициядан.

Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 



Өзгелердің жаңалығы