Елордада жол апатынан 5 автокөлік зардап шекті

28 Қыркүйек 2021, 03:29
1977
Бөлісу:
Елордада жол апатынан 5 автокөлік зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада «BMW» маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі тізгінді басқара алмай, тұрақта тұрған көліктерге соғылды.

27 қыркүйек күні сағат 05:35 шамасында «BMW» маркалы автокөліктің 22 жастағы жүргізушісі Конституция көшесімен 18/1 үйге қарама-қарсы жүріп келе жатып, рульді басқара алмай қалған. Сөйтіп «Renault» маркалы тұраққа қойылған автокөлікке соқтығысып, одан әрі инерциямен «Hyundai», «Volkswagen» және «Toyota» автокөліктері механикалық зақым алды, – делінген ведомство хабарламасында.
Жол-көлік оқиғасынан ешкім зардап шеккен жоқ. Аталған факті бойынша «BMW» жүргізушісіне қатысты 610-бап 1-тармақ бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Өзгелердің жаңалығы