Бас жаңалықтар
Елордада жол апатынан 5 адам қаза тапты
30 Қыркүйек 2021, 10:13 3234

Елордада жол апатынан 5 адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті қала орталығында болған жол апатынан 5 адам қаза тапқанын хабарлады.

30 қыркүйекке қараған түні сағат 00:34-те Toyota Camry автокөлігінің 19 жастағы жүргізушісі Есіл өзені арқылы өтетін көпірден Сарайшық көшесіне қарай келе жатып, жылдамдық режимін сақтамай, рульді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Nexıa Ravon автокөлігімен соқтығысқан, - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласы ПД Ішкі және сыртқы коммуникация бөлімі бастығының м.а. Эльмира Шауленова.
Жол апатынан 5 адам қаза тауып, 1 адам зардап шекті.​ Оқиға орнында екі жүргізуші де, үш жолаушы да көз жұмған. Toyota Camry-дің бір жолаушысы ауыр халде қалалық ауруханаға жатқызылды.

 Аталған факті бойынша ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. ​

​Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті жүргізушілерге жол жүру ережелерін қатаң сақтауды және жолда абай болуды ескертеді.



Фото: дереккөз
Загрузка...