Бас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда бір түн ішінде 35 көлік жол апатына ұшырады
23 Қаңтар 2020, 09:10 288

Нұр-Сұлтанда бір түн ішінде 35 көлік жол апатына ұшырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астаналық Полиция департаменті ауа райының күрт нашарлауына байланысты тұрғындарға мейлінше қоғамдық көлікті пайдалануды сұрайды.

Құрметті жүргізушілер, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік құралдарына арналған жолдың кейбір аумағы жабылғанын ескертеді. Тұрғындарға көмек көрсету үшін Департаменттің жеке құрамы толығымен жұмылдырылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Департамент ауа райының нашарлауына байланысты елорда тұрғындарына жеке көліктің орнына қоғамдық көлікті пайдалануға, сонымен қатар патрульдік полицейлердің талаптарын орындап, жеке көліктерін жолдың бойына тастап кетіп, қаланы қардан тазартып жатқан техниканың жұмысына кедергі келтірмей, түсіністікпен қарауды сұрайды. 

Айта кетейік, 21-нен 22-сіне қараған түні қалада 35 жол апаты тіркелген.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...