Елордада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады

9 Мамыр 2022, 12:50
1302
Бөлісу:
Елордада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Жеңістің 77 жылдығына орай демеушілердің қаржысына ұйымдастырылған мерекелік отшашу болады. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Отшашу бүгін, 9 мамыр күні сағат 22:00-де Есіл өзенінің жағалауынан басталады.

Салют ұзақтығы 10-12 минутты құрайды, ал атыс саны кемінде 3 мың. Айта кетейік, сондай-ақ қала тұрғындары үшін концерт, қойылым түріндегі түрлі онлайн және офлайн іс-шаралар ұйымдастырылған.

Сонымен қатар 9 мамыр күні Студенттер саябағында ардагерлер мен қала тұрғындарына арналған концерт өтеді. Мерекелік концертте сүйікті әндерді тыңдауға болады, ол сағат 14:00-ге дейін болады.

Сондай-ақ бүгін Қазақстандық ҰОС ардагерлерін еске алуға және Жеңіс күніне арналған "Жеңімпаздар. Батырларға тағзым" онлайн-акция өтеді. Акция Tengrinews.kz жаңалықтар порталында өтеді.

Бұдан бөлек, Жеңіс күнін мерекелеу күндері соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, қоғамдық және жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарында жараланып қайтыс болған жауынгерлердің қабіріне "Отан ана" монументіне және соғыс батырлары – Талғат Бегелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және басқаларлың ескерткіштеріне гүл, "Даңқ" гирляндаларын қою рәсімдері дәстүрлі түрде өтеді.

9 мамырда "Солдатский котелок" ертегісін көрсететін қуыршақ театрына баруға болады, ал 10 мамырда "АЛЖИР" мемориалды-мұражай кешені Жеңіс күніне арналған "Біз Жеңістің ұрпағымыз!» атты лекцияға қосылуға шақырады.

Астаналық цирк мереке құрметіне көрермендер үшін арнайы цирк бағдарламасын дайындады.

Өзгелердің жаңалығы