Елордада Жеңіс күні автобустар жүрмейді

6 Мамыр 2021, 11:14
1087
Бөлісу:
Елордада Жеңіс күні автобустар жүрмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 9 мамырда қоғамдық көлік қатынамайды. Бұл туралы CTS баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы жексенбі күні, яғни 9 мамырда бір күнге тоқтатылып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.⠀

Қалған мереке күндері, яғни 7, 8 және 10 мамырда елордалық қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейді, - делінген хабарламада.

Жолаушылар бетперде тағып жүруі міндетті, автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды.⠀

Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді: карта көмегімен немесе QR-код сканерлеу/көлік кодын енгізу арқылы.

Өзгелердің жаңалығы