Елордада жеңілдікпен берілетін 10 мың пәтер салынады

4 Мамыр 2021, 21:43
879
Бөлісу:
Елордада жеңілдікпен берілетін 10 мың пәтер салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов жеңілдікпен салынатын пәтерлер саны көбейетінін мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елорданың әр ауданын "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" мастер-жоспары аясында орталықтандырып дамытудамыз. Сонымен қатар қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау үшін абаттандыруға, қоғамдық кеңістіктер (саябақтар, скверлер, бульварлар, аулалар) ашуға және көгалдандыруға ерекше көңіл бөлеміз.

Бүгін қолжетімді жеңілдікпен берілетін тұрғын үй құрылысының барысымен таныстым. Тұрғын үй кешендері Алматы ауданында ("Метро" жағында) орналасқан. Аумақты абаттандыруға, көгалдандыруға, тұрғын үй кешеніне кіру топтарын құруға ерекше назар аудара отырып, құрылыс сапасын бірінші орынға қоюды тапсырдым.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеңілдікпен берілетін тұрғын үй санын арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Егер 2018 жылы 1800, 2019 жылы 2900 пәтер салынып, пайдалануға берілсе, 2020 жылы бұл көрсеткіш 7 мың әлеуметтік пәтерге ұлғайтылды. Осы жылы көрсеткішті 10 мың қолжетімді жеңілдікпен берілетін тұрғын үйге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Бұдан әрі жаңа үйлер мен әлеуметтік нысандарды сумен, кәрізбен және жылумен қамтамасыз ету үшін 3-ЖЭО (1-кезек, жылумен жабдықтау), КТҚ-2 (кәріздік тазарту құрылыстары) және СЖ-3 (сумен жабдықтау) жобалауын, құрылысын жүргіземіз», — деп жазды қала әкімі.

Өзгелердің жаңалығы