Елордада жедел жәрдемге хабарласатындар саны артқан

18 Маусым 2020, 04:33
1007
Бөлісу:
Елордада жедел жәрдемге хабарласатындар саны артқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық жедел жәрдем директоры мұны азаматтардың карантин талаптарын сақтамауымен байланыстырады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Маусым айының басынан астанада жедел жәрдем станциясына қоңырау шалу саны күрт өсті.
Маусым айының басынан қоңырау саны 3,5 есе өсті. Егер төтенше жағдай кезінде күн сайын бізге мыңға жуық қоңырау келіп түссе, қазір режим әлсірегеннен кейін екі мыңнан асады. Менің ойымша, бұл азаматтардың карантинді сақтамауымен байланысты. Мен барлығын санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырғым келеді, – дейді қалалық жедел жәрдем станциясының директоры Мұрат Оразбаев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта қалалық жедел жәрдемде 12 "103" пульті және қосымша сегіз байланыс орталығы бар.
Байланыс орталығының операторлары қала тұрғындарының коронавирус инфекциясына қатысты сұрақтарына жауап береді. Олар КВИ белгілері пайда болған кезде қайда бару керегін, қайда тест тапсыруға болатынын біле алады. Байланыс орталығы "103-ке" жүктемені едәуір азайтты, – деді М.Оразбаев.

Күн сайын Нұр-Сұлтанда 112 бригада жұмыс жасайды: 72 қалалық жедел жәрдем және емханалардағы 40 бригада.

Өзгелердің жаңалығы