Елордада жеңілдікпен несиелеу арқылы 8 млрд теңгенің жобалары мақұлданды

19 Қыркүйек 2019, 18:16
1824
Бөлісу:
Елордада жеңілдікпен несиелеу арқылы 8 млрд теңгенің жобалары мақұлданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада кәсіпкерлердің жыл сайынғы VI конференциясы өтіп жатыр.

Шара «Атамекен» ҚР ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың төрағалығымен және Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгіновтың қатысуымен өтуде.

Жиында Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов сөз сөйледі.

"Елорданың шағын және орта бизнесі жалпы өңірлік өнімнің 58,8 пайызын қалыптастырды. Шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі бойынша аталған көрсеткіш Қазақстан өңірлері арасында ең жоғары. Биылғы жылдың 7 айы ішінде елорда бюджетіне салықтың 68 пайызы, яғни 366 млрд теңге шағын және орта бизнестен түскен", - деді Алмат Жүнісов.

Оның айтуынша, биыл Үкіметтің тапсырмасы бойынша "Атамекен" ҚР ҰКП жанында жеңілдікпен несиелеу жөнінде жобалық алқа құрылды. Қаржы институттары елордада бағдарлама арқылы 7,7 млрд теңге сомасына 5 жобаны мақұлдады. Өңірде екінші деңгейлі банктердің қарауына жалпы сомасы 5,1 млрд теңгеге 15 жоба жіберілген.

Бұған дейін елордада жекеменшік балабақша мен емханалар көбейіп келетінін хабарлаған едік.

Конференцияға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқасы және басқарма мүшелері, ұлттық компаниялар, даму институттары, аумақтық органдар, екінші деңгейлі банктер және қала кәсіпорындарының өкілдері қатысып отыр.
Өзгелердің жаңалығы