Елордада Жазушылар аллеясына көшеттер отырғызылды

27 Қазан 2021, 11:17
7218
Бөлісу:
Елордада Жазушылар аллеясына көшеттер отырғызылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экологиялық акцияға елорда әкімінің орынбасары Асхат Оралов, Байқоңыр ауданының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, сол сияқты белгілі қазақстандық жазушылар мен ақындар қатысты.

Бас-аяғы 48 емен, шаған және қарағай ағашы отырғызылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада Жазушылар аллеясына көшеттер отырғызылды 

Бұл жазушылардың бас қосатын жері, ой бөлісетін, пікір алмасатын жері. Осы жерде жас ақындар өлеңін оқып жатты. Кітаптарының тұсауын кесіп жатты. Бұл маң ағашпен көмкеріліп тұрса, қандай әдемі! Сондықтан біз қаламменен қала көркін әрқашан айшықтап отыруымыз керек. Бүгінгі еккен тал, ертең үлкен бәйтерек болып, соның көлеңкесінде ертең бізден кейінгі жас қаламгерлер, жас ұрпақ отырса екен, - деп көрнекті ақын Несіпбек Айтұлы өз тілегін білдірді. 

Елордада Жазушылар аллеясына көшеттер отырғызылды

Айта кетейік, Байқоңыр ауданында биыл 15 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Аудан әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың айтуынша, игі іс келесі жылы да жалғасады. Акция аясында 2022 жылы 20 мыңға жуық көшет отырғызылады деп жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы