Бас жаңалықтар
Елордада жастарға арналған байқау жарияланды
21 Қыркүйек 2021, 20:52 477

Елордада жастарға арналған байқау жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар жалыны-2021» жастар шығармашылығының байқауы басталғанын хабарлады. 

Оған КВИ-ға қарсы екпе алған 29 жастан аспаған қалалық жоғары оқу орындарының студенттері қатыса алады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Конкурс жастар саясаты саласындағы басымдықтар мен міндеттерді іске асыру, қала жастарының шығармашылық дамуына жағдай жасау, студент жастардың рухани-мәдени әлеуетін дамыту, сондай-ақ студенттердің эстетикалық және этикалық тәрбиесін жетілдіру мақсатында өткізіледі.

Дәстүрлі байқауға COVID-19-ға қарсы вакцинациядан өткен 29 жасқа дейінгі елордалық ЖОО студенттері қатыса алады.

Жарысқа қатысу студент оқитын ЖОО-ның Жастар ісі жөніндегі комитеті арқылы жүзеге асырылады.

Өтінімдер осы жылдың 11 қазанына дейін қабылданады. Байқау 10 номинация бойынша өткізіледі, оның ішінде: эстрада; ұлттық би; заманауи би; музыкалық аспаптар; айтыс; поэзия; медиа; театр; сурет салу; жастар күші.

Байқаудың салтанатты ашылуы 11 қазанда, ал жеңімпаздар мен қатысушыларды марапаттау 16 қазанда гала-концертте өтеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...