Елордада жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтіп жатыр
PHOTO
26 Қараша 2021, 18:43 107

Елордада жасөспірімдер арасында жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада 2004-2005 жылы туған ұлдар мен қыздар арасында жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтіп жатыр. Турнирге ТМД мемлекеттерінен және еліміздің 6 өңірінен келген спортшылар қатысуда. 

Спорттық жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Бокстан олимпиада чемипоны Серік Сәпиев спортшыларға сәттілік тілеп, турнирді салтанатты түрде ашып берді. 

 

Президент «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында бұқаралық спортты дамыту керек екенін айтты. Балалар мен жасөспірімдер спорты бұқаралық спорт түріне жатады. Елорда әкімдігінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы ұйымдастырып отырған халықаралық турнир - бізде балалар-жасөспірімдер спорты қарқынды дамып келе жатқанының дәлелі. Олимпиада ойындарында әлем бойынша жеңіл атлектикадан жақсы көрсеткіш көрсетіп жатырмыз. Жас жеңіл атлеттердің шеберлігін шыңдайтын жарыс өткізгені үшін Жеңіл атлетика федерациясына алғыс айтамын. Барлық қатысушыға сәттілік тілеймін, - деді МСМ Спорт және дене шынықтыру комитетінің экс-төрағасы. 


Спорттық жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылды. Турнирде жақсы нәтиже көрсеткен жасөспірімдер Нұр-Сұлтан қаласы мен еліміздің ұлттық құрама командасына кіріп, түрлі халықаралық жарыстарға қатысуға мүмкіндік алады. 


Турнирге Қырғызстан, Түркменстан, Тәжікстан сынды бауырлас мемлекеттерден және еліміздің 6 өңірінен келген 155 спортшы қатысып жатыр. Жарысты жеңіл атлетиканы жастар арасында насихаттау, жөспірімдерді осы спорт түріне баулу мақсатында ұйымдастырдық. Сондай-ақ жасөпірімдер арасынан Нүр-Сұлтан құрамасына мықтыларды анықтау үшін өткізіп отырмыз, - дейді елордадағы №9 Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің директоры Айдын Тоқбаев. 



Спортшылар 60 м жүгіру, 60 м кедергімен жүгіру, 200 м, 400 м, 800 м, 1500 м, 3000 м, 3000 м спорттық жүріс, ядро лақтыру, биіктікке секіру, ұзындыққа секіру, үш қарғып секіру, эстафеталық 4х200м., 12 жеке пән + 1 эстафета және 4х200 м аралас эстафета сияқты жеңіл атлетика пәндері бойынша үздік болуға бақтарын сынауда. 



Тәжікстаннан келген 16 жастағы Жасмин атты спортшы жарыс көңілінен шығып жатқанын айтып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.  



Бізге турнир ұнап жатыр. Қанжығамызда І және ІІ орындар бар, ертең тағы жарысқа қатысамыз. Қатысушылардың бәріне сәттілік тілеймін. Қазақстан Республикасына және Жеңіл атлетика федерациясына осындай турнир ұйымдастырғандары үшін алғыс айтамын, - деді Жасмин Разыкова.





Фото: Артём Чурсинов
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//