Елордада жас сарбаздар үшін Волонтерлер жылының ашылу салтанаты өтеді

18 Ақпан 2020, 17:28
1237
Бөлісу:
Елордада жас сарбаздар үшін Волонтерлер жылының ашылу салтанаты өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 ақпан күні сағат 10:00-де Нұр-Сұлтан қаласы Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, "Астана жастары" ресурстық орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен "Jas sarbaz – meıіrіmdіlіk bіrіktіredі" атты шара өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Шара барысында "Жас сарбаз" тәрбиеленушілері өз жетістіктерімен бөлісіп, "Smart sarbaz" көрмесі ұйымдастырылады. Аталмыш шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрілігі өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Мәжіліс депутаты, халық қаһарманы Бақытжан Ертайұлы, "Жас сарбаз" жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек, сондай-ақ олимпиада чемпиондары мен эстрада жұлдыздары қатысады.



Өзгелердің жаңалығы