Бас жаңалықтар
Елордада жас қылқалам шеберлерінің көрмесі ашылды
PHOTO
26 Қаңтар 2021, 17:21 274

Елордада жас қылқалам шеберлерінің көрмесі ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің жас қылқалам шеберлері кең даламыздың көркемдігі мен тарихын, қым-қуыт тірлігіміз бен болмысымызды картиналарына арқау етті. 

Елорда тұрғындары бүгін Елбасының кітапханасында тұсауы кесілген Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы түлектерінің қылқаламдарынан туындаған картиналарын тамашалауға мүмкіндік алды.

image-26-01-21-05-08-15.jpeg

Көрмеге мектеп түлектерінің түрлі техникада орындалған 50-ден астам картиналары қойылды. 

image-26-01-21-05-08-24.jpeg

Суретші, мәдениеттанушы Динара Нөгер жас қылқалам шеберлері жұмыстарына оң бағасын берді.

image-26-01-21-05-08-17.jpeg 

Жұмыстардан сурет өнерінің кәсіби техникасын меңгерген жандардың қолтаңбасы байқалады. 

Картиналар мектеп қабырғасында емес, карантинге байланысты үйде жазылыпты. 

image-26-01-21-05-08-3.jpeg

image-26-01-21-05-08-5.jpeg

Соған қарамастан оқытушылар мен түлектер алдарына қойған мақсатқа жете білген, деп атап өтті ол.

Картина авторларының бірі Мәди Мирас балалық шақта ауылда демалған күндерін сағынышпен жиі еске алады екен. Сол сағыныш сезімі суретіне де арқау болғанын атап өтті.

image-26-01-21-05-08-10.jpeg

image-26-01-21-05-08-28.jpeg

Санамда жатталып қалғаны жапандағы үй. Айналасы жазық дала болатын. Тек бір ғана еңселі ағаш өсетін. Балалар соның көлеңкесінде ойнауға таласатынбыз. Каринамының аты да «Ойын» деп аталады. Ал оның кейіпкерлері балалар ғана емес, олрдың ажырамас ермегі, дәлірек айтқанда достары ақ күшік, - дейді ол.
image-26-01-21-05-08-25.jpeg

Оның айтуынша, ол ес білгелі сурет салады. «Сөз өнері дертпен тең» десек, қылқалам арқылы дүниеге жаңа туынды әкелу де ләззат сыйлағаннан бұрын жаныңды азаптайтын шығармашлық жұмыс.

image-26-01-21-05-08-7.jpeg

Бірақ соңғы штрихтер жасалып, көз алдыңда бүтін бір тіршілік, болмыс туындағанада сөзбен айтып жеткізе алмайтын күй кешесің. Қылқаламды тастап кетпеуіме де себеп осы сезім, - дейді ол.
image-26-01-21-05-08-27.jpeg

 «Туған өлкем» деп аталатын көрме «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отыр. Бүған дейін кітапханада еліміздің өзге өңірлерінің де көркемсурет мектептері түлектерінің көрмесі ұйымдастырылған болатын. 

image-26-01-21-05-08-14.jpeg

Ал Нұр-Сұлтан қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубы 1983 жылы құрылған. Осы жылдар аралығында мектеп өзіндік дәстүрлерді қалыптастырып, көркемдік білім беру саласында педагогикалық жұмыс тәжірибесін жинақтады. 

image-26-01-21-05-08-2.jpeg

Мектеп қоржыны алыс және жақын шетелдерде өткен балалар мен жасөспірімдер конкурстарының  дипломдары мен грамоталарына бай. 

2008 жылы мектепке ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясымен ЮНЕСКО клубы мәртебесі берілді. 

2017 жылы қала әкімінің грантына өткізілген қалалық байқаудың қорытындысы бойынша мектеп «Үздік қосымша білім беру ұйымы» болып танылды.

image-26-01-21-05-08-18.jpeg

image-26-01-21-05-08-6.jpeg



Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Загрузка...