Елордада жарты миллионға жуық ағаш отырғызылады

19 Қыркүйек 2021, 12:04
3184
Бөлісу:
 Елордада жарты миллионға жуық ағаш отырғызылады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында жазды. Оның айтуынша, биыл күзде Нұр-Сұлтан қаласында 500 мыңға жуық ағаш пен жасыл желек отырғызу жоспарланып отырған көрінеді.

Елордамызды көгалдандыру жүріп жатыр. Қалада сенбіліктер мен дәстүрлі күзгі ағаш отырғызу кезеңі басталды. Осы күзде 500 мыңға жуық ағаш пен жасыл желек, оның ішінде елорданың жасыл белдеуінде де отырғызуды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті мегаполис әкімі.

 Елордада жарты миллионға жуық ағаш отырғызылады

Ол Мемлекет басшысы көгалдандыруға ерекше көңіл бөлетінін, өйткені бұл ел мен қалаларды дамытудың ажырамас бөлігі екендігін алға тартты. Осы жылдың өзінде елордада отырғызылған ағаштар мен жасыл желектердің жалпы саны 1 млн-нан асады.

 Елордада жарты миллионға жуық ағаш отырғызылады

Сондай-ақ қала басшысы кеше өткен Бүкіләлемдік «World Cleanup day 2021» тазалық күні және «Birge – taza Qazaqstan» республикалық экоинициативасы аясында өткізілетін жалпықалалық сенбілікке қатысқанын айтты. Жұмыс елорданың барлық аудандарында, соның ішінде елді мекендерде жүргізілді: бүгінде шамамен 3 мың ағаш отырғызылды – емен, қайың, шырша, қарағай, жөке және т.б. Жалпы ауданы 3 млн шаршы метрге жуық саябақтар мен гүлзарлар тазартылды. Тек коммуналдық сенбілік күні 450 тоннадан астам қоқыс шығарылған.

 Елордада жарты миллионға жуық ағаш отырғызылады

Тұрғындарға, волонтерлерге, әріптестеріме және қатысқандардың бәріне алғыс айтамын. Бірлескен күш-жігеріміз арқылы қаламызды бұдан да жасыл етейік! – деп жазды Алтай Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы